Толассыз ағып жатқан тоқтауы жоқ толайым тіршіліктің арналы, арынды ағысы небір замандардан бері адам - пендені айдағанына көндіріп, айтқанын істетіп келетіндігі анық. Адам - пенде асау толқындармен арпалысып, қауқарсыз күйде күн кешуде. Арпалыс тіршіліктің сапында кетіп жатқан жан қаншама... Алас тартыс тіршіліктің жетегінде кеткен адам - пенденің арманы, өкініші, риясыз сенімі өмірде көп болатыны, бәлкім, содан шығар. Дөңгеленген дүние өз жүрісінен танбайды.