Класта бақылау жұмысы жүріп жатыр. 10 минут өткенде екі оқушы кешігіп есік қақты. Олар алдыңғы өткен сабақтың апайы класты тез арада жинап кетіңдер дегенін айтып, кешігіп келу себебін түсіндірді. Кешігіп келген оқушылармен не істеу керек?
Мұғалім оқушыға тапсырма береді, ал ол тапсырманы орындағысы келмейді де былай дейді: «Мен мұны істегім келмейді!». Мұғалім әрекеті қандай болуы керек?
Инновациялық тәсілдер - әдістемелік қызмет сапасын арттыру кепілі. Сондықтан, әдістемелік қызметті ұйымдастыруда инновациялық технологияларды білім беру жүйесіне енгізу керек. Мұғалімдердің білімі мен біліктілігін, іскерлігі мен кәсіби шеберлігін шыңдай түсетін арнайы ақпараттық-әдістемелік орталық құру керек. Сонда жаңа әдістемелік техгологияларды өз іс-тәжірибесінде қолдана алатын ақпараттық құзырлы педагогтар дайындалады. Ол үшін әдістемелік инновациялық тәсілдерді компьютерлендіру және ақпараттындыру, телекоммуникациялық жүйелік желісін қалыптастыру керек.